Ақпарат » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2019

Ақпарат

№69 жалпы  орта білім беретін мектеп мекемесі  2007 жылы Достық мөлтек ауданында 400 оқушыға ыңғайластырылған  құрастырмалы каркас  ғимаратында   жұмысын бастады.  Достық  мөлтек   ауданының  тұрғындарының  саны жылда   өсуіне,  оқушылардың  санының   көбейуіне байланысты 2016 – 2017  оқу жылының   мамыр айында 1689 балаға артып, «Асар»   мөлтек ауданында орналасқан №89 мектеп-лицейіне 400 бала тасмалданып оқыды.  2017 – 2018 оқу  жылының   қыркүйек  айында елбасының   «Нұрлы   жол»  бағдарламасы  аясында 1200   балаға  арналған  үш   қабатты  ғимарат салынып, қолданысқа  берілді.  Жаңа ғимаратта 2241 баламен оқу жылын бастадық.   Қазіргі таңдағы оқушылардың салыстырмалы көрсеткіші төмендегідей:
Оқушы   санының  салыстырмалы  көрсеткіші:
Оқу жылыОқушы саны1-4 сынып5-9 сынып10-11 сынып
2017-2018ж22411164932145
2018-2019ж 256113221106133
2019 - 2020ж.280314071229167
Мектеп қазіргі білім беру стандартына сай жабдықталған. Мектебімізде информатика, физика, химия лобароториялары,  360 адамға арналған АКТ залы,  түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жасақталған екі  спорт зал  жұмыс  жасап, оқушылардың  білім алуына үлесін қосуда.  
 Сонымен қатар мектеп демеушілерінің қолдауымен   Робототехника кабинеті   ашылып,  «STEAM»  білім   алуға  мүмкіндік  жасалды.   Осындай  мүмкіндікті  біздің   оқушыларымызда  назардан тыс қалдырмай,  түрлі   жарыстарға  қатысып,  мектебіміздің   қоржынын   жетістіктермен толықтырды.  Атап айтар болсақ төмендегідей: 
  • Шымкент қаласы «Kaz Robo sport»  іріктеу кезеңінде мектеп оқушылары    І орын – 4 , ІІІ орын -4 оқушы иеленді.
  • Жас Ұлан мектебінде ұйымдастырылған «Kaz Robo sport» сайысына қатысып, екі оқушы  ІІІ орынды иеленді.
  • Қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен   «Ұлы өнертапқышқа алғаш қадам» байқауына қатысып, І орынды иеленді.
2017 – 2018  оқу жылында мектебіміз ҰБТ қорытындысы  бойынша қала   мектептерінің  арасында  6-орынды,   2018 – 2019 оқу  жылында                         20 орынға  ілінді.   Осы  жылы біздің  түлектер   үшінде  сәтті жыл болды.  Себебі,   мектебіміздің  ҰБТ-ға қатысқан 46 оқушының 28-і грант  иегері атанып отыр.    Оның  ішінде   мектебімізде  алғаш рет екі «Алтын белгі» иегері мен бір «үздік аттестат» және 100 баллдан жоғары көрсеткіш көрсеткен 13 оқушы  мектеп мәртебесін жоғарылатты. 
Теги:
69JOBBM
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Boecrut
28 мая 2020 05:38
Замечательно! Только лично я поступил именно так: moyahatka.kr.ua