Республикамызда "Қауіпсіз білім ордасы" тақырыбында онкүндік акция жарияланды. Осы жарияланымды негізге ала отырып, №69 жалпы орта білім беретін мектепте 16.09 - 26.09.2019жж. аралығында жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылды. АӘД пәнінің мұғалімі М.Ходжагельдиевтің ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен "ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ" тақырыбында сейсможаттығулар өткізілді. Мақсатымыз, оқушыларға қауіпсіз жағдай жасап, білім алуына ықпал жасау. Іс-шара өз деңгейінде өтіп, оқушыларымыз көптеген жағдайлардан хабардар болды. Шәкірттерімізге оқуда озат, биік белестерді бағындыруды тіледік.