«2022 жыл – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» аясында өткен «Қабілет» интеллектуалды сайысы » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№69 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272493
Есепші бөлімі:
+7(727) 272493
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «2022 жыл – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» аясында өткен «Қабілет» интеллектуалды сайысы
20
сентябрь
2022

«2022 жыл – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» аясында өткен «Қабілет» интеллектуалды сайысы


«2022 жыл – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» аясында өткен

«Қабілет» интеллектуалды сайысы

       Шымкент қаласы №69 ЖОББМ 7"В" сынып жетекшісі Г.Ботабаева сыныптан тыс іс-шара ретінде интеллектуалды байқау ұйымдастырды. 

       Байқау мақсаты: Сауатты, білімді, логикалық ойлауы, пайымдауы жан-жақты, қабілетті оқушыларды анықтау, оқушылардың өзін байқап көруіне мүмкіндік беру, ізденуге, үйренуге ынтасын ояту, өзін дамыта білетін оқушыларға қолдау көрсету.

І- кезең іріктеу 

Өткен күні: 20.09.2022

1.Эссе жазу (100-150 сөз)

1.1  Менің арманым

1.2 Менің сүйікті жазушым

1.3  Менің сүйікті ақыным

1.4 Ұстаз – ұлы тұлға

2. Диктант(қазақ тілі)-150 сөз

3. Кітап оқу дағдысы—«Қыз Жібек» жыры(20 сұрақтан тұратын тест) 


Байқауға сынып бойынша түгел қатысты, ең жоғары балл алған он екі оқушы ІІ-кезеңге өтті. 


ІІ- кезең «Қабілет» интеллектуалды сайысында «Жүзден жүйрік», «Таным»,«ІТ-сауаттылық» бөлімдері бойынша сайысқа түсті. 


Нәтижесінде «Қабілет» интеллектуалды байқауының жеңімпазы ретінде  Абсадық Сымбат Бахытқызы танылып, Қасымбек Қайсар—1-орын,   Бахит Аймен—2-орын, Курбанова Қалбинұр—3-орынды иеленді. 

«Жас мобилограф» айдары бойынша Қасымбек Қайсардың жұмысы  үздік болып танылды. 

Барлық қатысушыларға алғыс білдіремін. Денсаулық, талмас қанат, сәттілік тілеймін!

https://youtu.be/AKIxsJ4x0_8

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив