05
декабрь
2022
"Функция және оның берілу тәсілдері" тақырыбындағы әдіс алмасу сабағы
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N69 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Эрмуратова Балжан Ниязовна 10Ғ сыныбында "Функция және оның берілу тәсілдері" тақырыбында әдістер алмасу сабағын өтті. Сабақ барысында оқушылардың көшбасшылық, өзін-өзі дамыту қабілеттерін және бір-бірін оқыту дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар, әдістер қамтылды.







