31
январь
2023
"Шәкірт ойы" тақырыбында өткен әдіс алмасу сабағы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кузенбаева Банура 6"Ғ" сыныбымен қазақ әдебиеті пәні бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Шәкірт ойы" тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстармен және түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырды.



Сабақ мақсаты:
- «Шәкірт ойы» өлеңін оқытып, мағынасан ашу,талдату;
- өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- өлең арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Бүгінгі өтетін сабағымыз-өзін халықтың шәкіртімін деп есептейтін қазақтың ерекше дарынды, біртуар ақыны , Абайдың ізін жалғастырушы, туған елін, жерін сүйетін С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы » деген өлеңі.
Алдымен дәптерге өзіңнің шәкірт ретіндегі ойыңды жаз. Қоғамға , еліңе,Отаныңа , отбасыңа, ата-анаңа тигізетін пайдаң жөнінде , қандай қасиеттерің, қабілетің, дарының болғанын қалайтыныңды жазуға 5 минут уақыт беріледі.
Тақтаға кесте ілінеді. Балалар берілген уақытта өзінің қазіргі шәкірт, ертеңгі болашақ елдің азаматы ретінде не істейтінін жазады. («Менің ойым» бөлімін толтырады)
| Менің ойым | Шәкірт ойы |
| Білімді болып, жоғарғы оқу орнына түскің келеді. Мамандық алып, еліме, туған жеріме адал қызмет еткім келеді. Білімімді, еңбегімді туған жеріме арнаймын. Ата-анамның, ұстаздарымның мақтанышы болғым келеді. | Қараңғы қазақ көгіне күн болу. Мұздаған елдің жүрегін біліммен жылыту. Елінің көзін ашу, көкірегін ояту, надандықты жою. Халқын қараңғылықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру. |
Қорытынды бөлім.
Топ ішінен белсеніп шығып, жауап берген оқушыларды бағалаймын.
Кері байланыс
Үйге «Шәкірт ойы » өлеңін жаттау.
Қазіргі шәкірттерге мінездеме ретінде сыныптағы бір оқушыға мінездеме жазу.
Теги:
#әдіс алмасу сабағы