Қамқоршылық кеңестің хаттамасы » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№69 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272493
Есепші бөлімі:
+7(727) 272493
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2021

Қамқоршылық кеңестің хаттамасы

  №69  жалпы  орта  білім  беретін мектебінде   2021  жылдың  24 сәуірінде  "Қамқоршылық кеңестің"  кезекті  отырысы болып өтті. Отырыс  барысында мектебіміздің  директоры Шымырбаева Гүлшат Алдиярқызы 2020 - 2021 оқу  жылында атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде өз есебін берді. Атап айтар болсақ,  Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаевтың  2021 жылғы 19 сәуірдегі «Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу іс шараларын күшейту және карантин режимін ұзарту туралы» №9 қаулысын  негізге  ала отырып жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының және ҚР БМСДҚ №67, 46 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, білім беру обьектілерінде  тамақтандыру қызметі ұйымдастырылып, арнайы аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп жатқандығын көрсетті. 

Қамқоршылық кеңес төрайымы:

Дөненбай Бұлбұл   сөз кезегін алып,  Шымкент қаласының білім басқармасының 2021 жылғы 22 сәуірдегі №10-06-03/3143  хатын негізге ала отырып,  офлайн сабақ оқу барысында арнайы аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру,  Кеңес мүшелері бір ауыздан оқушыларға ыстық тамақтың қамтылуын қолдағңандығын  дұрыс санайтынын айта өтті.  

Мектеп басшысы  өз кезегінде  мектепте барлық сыныптардың оқушылары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып,  IV тоқсанды 1-5 сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай,  9 сыныптар үшін 15 баладан артық емес аралас форматта оқытылуды, 6,7,8,10 сыныптар онлайын форматта оқытылып жатқандығын хабарлады.

 Демеушілер   есебінен әлеуметтік жағдайы төмен 60 отбасына азық-түлік ұйымдастыру жоспарлануда. Қамқоршылық кеңестің төрайымы Б.Дөненбай барлық жақсы істер мен игі жұмыстар қуантатынын, осындай  атқарылып жатқан жұмыстардың барысында алдағы уақытта көптеген жетістіктерге жете алатынымызды тілге тиек ете кетті.  

Похожие публикации:

11 октябрь 2021 Өрт қауіпсіздігі
24 ноябрь 2020 Шахматтан жарыс
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив