11
октябрь
2021
Спорттағы жетістіктер!!
Біздің мектебіміз, біздің оқушылар, біздң ұстаздар..... Биылғы жыл спорттағы мұғалімдер мен оқушыларымыз үшін ауыз толтырып айтарлықтай жетістігімен ұжымымызды қуантатын жыл болды. Республикалық Ұлттық Мектеп Лигасынан спорттың 10 түрінен өткізілген жарыста және соның ішінде Қызылорда қаласында өткен "Ұшқыр доп" спорттық ойынынан мектебіміздің 7-8 сынып ұлдарынан құралған командамыз ІV орын, ал 5-6 сынып қыздарынан құралған қыздар командасы ІІІ жүлделі орынды иемденіп қайтты. Лига жеңімпаздарын дайындаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдер: Рисмбетов Досымхан, Тұрсынбеков Әли, Дарибаева Мөлдір, Әбілқайырова Ләззат сынды әріптестерімізді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық тәрбиесі орталығының кубоктарымен және дипломдарымен марапаттады. Әріптестеріміз бен оқушыларымызды қуанышты жаңалықтарымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта алар асулары мен жетер жетістіктерінің көп болуын тілейміз.