11
октябрь
2021
Мектептегі іс-шаралар.
№69 жалпы орта білім беретін мектебі биылғы оқу жылын жақсы жаңалықтарымен, түрлі іс-шаралармен белсенді, көңілді, ұйымшылдықпен бастап оытр. Оқу жылының алғашқы айында орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері тіл мерекесіне орай түрлі тақырыптарда іс-шаралар өтумен бастады. Барлық іс-шаралар қазіргі жағдайға байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде. Балаларымызды ынталандырып, жеңімпаз оқушыларға марапаттар берілді. Ағылшын тілінде "A new Language is a new life", орыс тілінде "Слово - дело великое" сынды байқаулар өз дәрежесінде, қызықты тақпақтар, әндер мен сахналық көріністер қойылымымен ұласып отырды. Шәкірттерімізге әрқашан қанаттары талмай, жан-жақты іздену барысында өз мүмкіндітерін көрсете білуін тілейміз.