"Макет жасау" шығармашылық ісі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Хожашов Ғабит Бейсенбаевич 8"Ә" сыныбының ұлдармен өтілген сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмысты орындау бөлімі бойынша "Макет жасау". Сабақтың мақсаты: ұлттық қолөнерді игере отырып, оның маңызын, мағынасын және орындалу әдістерін меңгерту. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: оқушыларға ғимарат макетін жасау арқылы олардың көркемдік-шығармашылық ойын қалыптастыру, ұлттық мақтаныш сезімін ояту, эстетикалық талғамын ұштау, монументтің жасалу жолдарын түсіндіру, оқушының икем-дағдылық қабілетіне, бейімділіктеріне қарай практикалық әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа, әсемдікке, төзімділікке, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке, өзара көмек беруге тәрбиелеу.