"Альфа - балалар цифрлық әлемде" » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№69 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272493
Есепші бөлімі:
+7(727) 272493
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Альфа - балалар цифрлық әлемде"
26
октябрь
2021

"Альфа - балалар цифрлық әлемде"

№69 ЖОББМ  қазіргі  таңда  әр түрлі  бағытта  іс-шаралар  өткізіліп, қоғамдық  жұмыстар  жүргізілуде. Сондай  шаралардың бірі  информатика  пәні  мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен  мектебіміздің  дарынды  оқушыларымен   өткізілген  сайыс сабақтар. Атап  айтар болсақ, 3 - сыныптар арасында  Елмуратова Күлбаршын мен  Уалханова  Гүлзат  "Информатика  әлеміне  саяхат"  тақырыбында  қызықты   сайыс  сабағын  өткізді. АКТ  пәнін енді  бастаған  кішкентай  бүлдіршіндеріміз  өз  ойларын  ашық айтып,  алған білімдерін көрсете білді. Ал 5 -6 -7 сыныптар  арасында дарынды  оқушыларды  қатыстыра  отырып, информатика  пәнінің  мұғалімдері Аблаева Алтынай, Ахмед Гүлзамира, Ботабаева Гүлназ, Байдилдаева Арядақ   апайларымыздың  тартысты  сайыс  сабағының  куәгері  болдық. "Альфа - балалар  цифрлық әлемде" тақырыбы  балалардың  қызығушылығы  мен ынтасын   айқындай  көрсетті. Ерекше,  қызықты  тақырып дарындыларымыздың  белсене  қатысуына ықпал  етті.  Төрт  кезеңнен  тұрған  байқау  сайыс  соңында  оқушылар марапатталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив