5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні! » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№69 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272493
Есепші бөлімі:
+7(727) 272493
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні!
05
сентябрь
2022

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні!

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні!  

        Биылғы мереке ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан қазақ ғылымының негізін қалаған ұлы ғалым, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.  
       Ұлт ұстазының еңбектерін әлемнің түкпір-түкпіріндегі архивтерден іздестіріп, ғылыми айналымға енгізу - тіл білімін, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіре түсуге жаңа мүмкіндіктер бермек.   

      «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың»   деген қанатты сөз бекерге айтылмаса керек. Жас ұрпақтың ана тілімен бірге өзге тілдерді қоса меңгеруі Жаңа Қазақстанның халықаралық қатынастардағы қадамын кеңейтуге үлкен үлес қосары сөзсіз. 

       Қазақ тілінің тағдыры қашанда ел болашағы үшін аса маңызды. Мемлекеттік тілді дамыту жауапкершілігі – баршамыздың борышымыз.

Бүгінгі Тілдер мерекесі  құтты болсын!  
Еліміз тыныш, тіліміз тұғырлы болсын!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив