25
октябрь
2022
Біртұтас ұлт-біртұтас әскер
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінде "25-қазан Республика күні" мерекеге орай, "Біртұтас ұлт-біртұтас әскер" бағдарламасы аясында 10-сыныптарға әскери-патриоттық "Ерлік" сабағы ұйымдастырылды.Салтанатты іс-шараға мектеп ұжымы, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштері ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Онбаев ағамыз қатысып өзінің патриоттық құнды баяндамасын оқыды.Жиын соңында "Ештен-кеш жақсы" дегендей ағымдағы жылдың 18-24 маусым күндері болып өткен VIII-Республикалық "Айбын-2022" әскери-патриоттық сайысқа Шымкент құрама командасының атынан қатысқан, оқушымыз Абдижалилов Досымжан Ерғалиұлын марапаттап, мектеп ұжымына өз алғысын білдірді.
АӘТД пәні мұғалімдері М. Ходжагельдиевке, А .Нурмановқа "Қазақстан патриоты" төсбелгісін табыстады.