13
декабрь
2022
"ЖАС ҚЫРАН" және "ЖАС ҰЛАН"


"ЖАС ҚЫРАН" және "ЖАС ҰЛАН" Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Республикалық бірыңғай "Жас ұлан« мен "Жас қыран " балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
"Жас Ұлан« мен "Жас қыран" ұйымына 2,5-сыныптың оқушылары қабылданды. "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы Елбасымыздың бастауымен құрылған болатын. "Жас Ұлан","Жас қыран" ұйымына кірген балалар, өскелең ұрпақ адами құндылықтарды бойына сіңірген, тәрбиелі сонымен қатар патриоттық сезімдері жоғары болатыны анық. Еліміздің патриоттарын тәрбиелеуде мектеп ұжымы мен "Жас Ұлан" ұйымы аянбай еңбек ете береді. Осы іс-шараға "Өзін-өзі басқару " ұйымы белсене ат салысты.