8-10 сыныптар арасында өткізілген "The leader of the ХХІst century" интеллектуальды жарысы » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№69 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272493
Есепші бөлімі:
+7(727) 272493
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8-10 сыныптар арасында өткізілген "The leader of the ХХІst century" интеллектуальды жарысы
11
май
2022

8-10 сыныптар арасында өткізілген "The leader of the ХХІst century" интеллектуальды жарысы

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интеллектуальды жарысы өтті. Жарыс төрт айналымнан ("Бәйге" "Полиглот", "Риторика", "Сиқырлы сандық") тұрады. Бірінші айналымда балалар  Гугл тест формасы арқылы сұрақтарға жауап берсе, "Полиглот" кезеңінде бір минуттың ішінде көптеген сөздерді ағылшынға аударып отырды.  "Риторика" айналымында іріктелген алты оқушы әр түрлі тақырыптарды таңдап,сол тақырыпты ағылшын тілінде қорғап шықты. Төртінші айналымда берілген уяшықтағы баллдарды таңдау арқылы, сұрақтарға жауап берді. Жарысқа 12 оқушы қатысып,  245 баллмен бас жүлдені 10 "В" сынып оқушысы Әділхан Шынар иеленді. Сонымен қатар мұғалімдердің атынан жеңімпазға сөздік кітап табыс етілді. Финалға шыққан төрт ойыншы Ақбай Мирас, Ерғали Сәуле, Дуйсен Бекарыс белсене қатысқандары үшін мадақтамамен марапатталды. Іс-шараны өткізген Оспанова Ақжарқын, Жунісбаева Іңкәр,Айболова Шолпан, Мұсаева Айжан, Саменова Бибіхадиша, Сихымбаева Гаухар.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив