Еңбек - адамды қалыптастырушы фактор
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімдері Худайбергенова Н, Касымбекова Қ, Кошерова А, Шорман Г, Кеншимова А осы аталған мұғалімдердің шығармашылық тақырыптары бойынша оқушылармен жасап жатқан жұмыстары орасан зор. Еңбек - адамды қалыптастырушы фактор.Адамды қоғамдағы орны еңбегімен анықталады.Қазіргі таңда ғылым мен білім өркендеген заманда өнердің түрлері де көбейіп ,тармақталып жатыр .Солардың бірі – көркем еңбек пәні. Мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулу қашанда кезек күттірмейтін міндет екені айдан анық. Шеберлік деңгейінің өсуіне, әр жұмысты соңына дейін жеткізудегі шыдамдылық төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Оқушы бала орасан зор еңбегінің жетістігін көргеннен кейін сол затты қайта жасауға қызығады, және соны үйренуге талпынады.