«Тәуелсіздік Жаңа Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы Шымырбаева Гулшат Алдиярқызын және барлық ұлағатты ұстаздарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! 15.12.2022 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне күніне орай мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құсайынова Алтынай Балтабайқызының басшылығымен музыка пәні мұғалімдері Бектанова Гулдариха Қалмұратқызы, Қарахожаева Мөлдір Айдарбекқызы, Түктібаева Айкерім Жанғазықызы осы аталған мұғалімдердің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік Жаңа Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға музыка пәні мұғалімі Қарахожаева Мөлдір Айдарбекқызының жетекшілігімен Қазақстандағы балалар жылына орай өткізілген қалалық «Тәуелсіздік тұғырым» атты патриоттық ән байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болған 3 «А» сынып оқушысы Калдыбек Калбибі «Қазақстан» әнін орындады және мектебіміздің өнерлі оқушылары 7«В» сынып оқушылары «Қазақстан» әнін хормен үш тілде, «Мен қазақтың баласымын» әнін 4«Ғ» сынып оқушысы Абуов Санжар, «Қазақ елі» әнін, 7«А» сынып оқушысы Бейсенғали Рамазан мерекелік музыкалық бағдарламада ұсынды.