09
февраль
2023
Г. Ботабаева АШЫҚ ЕСІК күнінде ата-аналарды шақырып, жалпы дебат клубы туралы түсінік беру мақсатында шақырды.
Шымкент қаласы,
#69 жалпы орта білім беретін мектебінде 09.02.2023ж күні 7«В» сынып жетекшісі Г. Ботабаева АШЫҚ ЕСІК күнінде ата-аналарды шақырып, жалпы дебат клубы туралы түсінік беру, оқушыларға қаншалықты пайдалы, нәтижесі қалай болып жатқандығынан хабардар ету мақсатында пікірсайыс ұйымдастырды. Пікірсайыс алдында "SHYN" дебат клубының жетекшісі Налибаева Жанат Асқарбекқызы дебат клубы туралы жалпы мағлұмат беріп өтті. 7 "В"сынып оқушылары арасында «Білімді ұрпақ—елдің ертеңі!» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Оқушылар дебатқа белсене қатысып, нағыз қызықты ойын болды. "SHYN" дебат клубының спикері Абдулла Жанболаттың төрелігімен жеңімпаз оқушыларымыз жүлделі орындарымен марапатталды. Ата-аналар балалардың тартысты ойынын тамашалап, ризашылықтарын білдірді. «Болашақ —білімді жастардың қолында» демекші, алған білімдері өмірлеріне азық болып, жеңісі мен жемісін көре беруіне тілек білдіреміз!
Youtube парақщамыздан көрсеңіз болады.