Ағылшын тілі бірлестігінің жылдық есебі 2022-2023 оқу жылы » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№69 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272493
Есепші бөлімі:
+7(727) 272493
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ағылшын тілі бірлестігінің жылдық есебі 2022-2023 оқу жылы
07
июнь
2023

Ағылшын тілі бірлестігінің жылдық есебі 2022-2023 оқу жылы

 Ағылшын тілі пән әдістемесінің жұмыс істеу тақырыбы: «Ағылшын тілі  сабағында  оқушылардың сөйлеу, тыңдау және сыни ойлау  қабілеттерін дамыту».

Бірлестіктегі мұғалімдердің күнтізбелік жоспары бағдарламаға негізделе отырып, мектеп талаптарына сай жасалған. Биылғы әдістемелік нұсқау хатпен танысып, бірлестік мұғалімдері биылғы жыл ерекшелігімен ой бөлісті. Сабақ өту әдістері мен критериалды бағалау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, таныстырылған.

Бірлестік жетекшісі — бірінші санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оспанова Ақжарқын Жұмағалиқызы. Бірлестік пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспары әдістемелік бірлестікте қаралып, мектеп директоры бекіткен. Пән бойынша бағдарламалық бірлестіктер күнтізбелік жоспар негізінде жүргізілген. Бірлестіктің жылдар бойынша жинақтама папкасы бар. Папкада әдістемелік бірлестік туралы ереже, әрбір оқу жылына міндеттері көрсетілген. Өзекті тақырыптары жазылып, пәндер бірлестігінің жұмыс жоспары, отырыстары бекітілген. Сонымен қатар пән бірлестігі мұғалімдерінің аттестациядан және білім жетілдіру курсынан өту кестесі бар. Жаңа ақпараттық технология арқылы оқушылардың өзге тілін үйренуге деген ынта-ықыласын арттыру.Бірлестіктің алдына қойылған мақсаты: Мемлекеттік тілмен қатар шет тілі мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын дамыту, өзге елдің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу. Бірлестіктің міндеттері: Оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ғылыми — танымдық қабілетін арттыру. Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив