11
май
2022
"British Bulldog" халықаралық конкурсы жеңімпаздары


Мектебіміздің 6,9,10,11 сынып оқушылары Ақбай Мирас, Арқабай Арайлым, Ерғали Сауле, Ибрагим Асел, Ибрагим Аяна "British Bulldog " атты Халықаралық конкурсқа қатысты. Сайыстан жүзден жүйрік сараланып марапатталды.Ел ертеңі білімді жастардың қолында.Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті. Мектебімізде білімді шәкірттеріміздің талабына нұр жаусын! Шығармашылықтары арта берсін! Жетекшілері: Оспанова Ақжарқын, Байтелиева Дана, Жүнісбаева Іңкәр, Тултаева Меруерт.