26
октябрь
2021
"Альфа - балалар цифрлық әлемде"
№69 ЖОББМ қазіргі таңда әр түрлі бағытта іс-шаралар өткізіліп, қоғамдық жұмыстар жүргізілуде. Сондай шаралардың бірі информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектебіміздің дарынды оқушыларымен өткізілген сайыс сабақтар. Атап айтар болсақ, 3 - сыныптар арасында Елмуратова Күлбаршын мен Уалханова Гүлзат "Информатика әлеміне саяхат" тақырыбында қызықты сайыс сабағын өткізді. АКТ пәнін енді бастаған кішкентай бүлдіршіндеріміз өз ойларын ашық айтып, алған білімдерін көрсете білді. Ал 5 -6 -7 сыныптар арасында дарынды оқушыларды қатыстыра отырып, информатика пәнінің мұғалімдері Аблаева Алтынай, Ахмед Гүлзамира, Ботабаева Гүлназ, Байдилдаева Арядақ апайларымыздың тартысты сайыс сабағының куәгері болдық. "Альфа - балалар цифрлық әлемде" тақырыбы балалардың қызығушылығы мен ынтасын айқындай көрсетті. Ерекше, қызықты тақырып дарындыларымыздың белсене қатысуына ықпал етті. Төрт кезеңнен тұрған байқау сайыс соңында оқушылар марапатталды.