«2022 жыл – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» аясында өткен «Қабілет» интеллектуалды сайысы
«2022 жыл – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» аясында өткен
«Қабілет» интеллектуалды сайысы
Шымкент қаласы №69 ЖОББМ 7"В" сынып жетекшісі Г.Ботабаева сыныптан тыс іс-шара ретінде интеллектуалды байқау ұйымдастырды.
Байқау мақсаты: Сауатты, білімді, логикалық ойлауы, пайымдауы жан-жақты, қабілетті оқушыларды анықтау, оқушылардың өзін байқап көруіне мүмкіндік беру, ізденуге, үйренуге ынтасын ояту, өзін дамыта білетін оқушыларға қолдау көрсету.
І- кезең іріктеу
Өткен күні: 20.09.2022
1.Эссе жазу (100-150 сөз)
1.1 Менің арманым
1.2 Менің сүйікті жазушым
1.3 Менің сүйікті ақыным
1.4 Ұстаз – ұлы тұлға
2. Диктант(қазақ тілі)-150 сөз
3. Кітап оқу дағдысы—«Қыз Жібек» жыры(20 сұрақтан тұратын тест)
Байқауға сынып бойынша түгел қатысты, ең жоғары балл алған он екі оқушы ІІ-кезеңге өтті.
ІІ- кезең «Қабілет» интеллектуалды сайысында «Жүзден жүйрік», «Таным»,«ІТ-сауаттылық» бөлімдері бойынша сайысқа түсті.
Нәтижесінде «Қабілет» интеллектуалды байқауының жеңімпазы ретінде Абсадық Сымбат Бахытқызы танылып, Қасымбек Қайсар—1-орын, Бахит Аймен—2-орын, Курбанова Қалбинұр—3-орынды иеленді.
«Жас мобилограф» айдары бойынша Қасымбек Қайсардың жұмысы үздік болып танылды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіремін. Денсаулық, талмас қанат, сәттілік тілеймін!
https://youtu.be/AKIxsJ4x0_8






