Жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдер арасында өткен "Білімді мұғалім" сайысы » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Управления образованияның
"№69 жалпы орта білім беретін мектеп"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(727) 272493
Бухгалтерия
+7(727) 272493
Версия для
слабовидящих
» » » Жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдер арасында өткен "Білімді мұғалім" сайысы
11
май
2022

Жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдер арасында өткен "Білімді мұғалім" сайысы

Педагогтердің кәсіптік мәртебесін арттыру, қызметін маңыздандыру,іс-тәжирибелерін насихаттау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша пән мұғалімдері арасында 2021 жылдың 24-26 қараша күндері аралығында №87 орта мектепте «Білімді мұғалім» сайысы өтті. Сайысқа ағылшын тілі пәні мұғалімі Оспанова Ақжарқын қатысып, жүлделі орын иеленді. 
Сайыс екі кезеңнен тұрды, І –ші  кезеңде мұғалімдер өз пәндері бойынша компьютерде тест тапсырды. Теориялық және тәжірибелік күрделі тапсырмаларды орындады. 
Екінші кезең 26.11.2021 ж. өтті. Бұл кезеңге бірінші кезеңнің  тест қорытындысы бойынша  жоғары нәтиже (25 балдан жоғары) көрсеткен мұғалімдер   қатысты.
    Екінші кезеңде әріптесіміз Оспанова Акжаркын өз пәні және шығармашылық жұмыстары бойынша «Білім сапасын арттырудағы тәжірибем» тақырыбында 5 минуттық презентация жасап, екі кезең қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орын иеленіп, мектебіміздің мерейін асқақтатты.

Похожие публикации:

20 октябрь 2021 Школьникам
11 октябрь 2021 Оқушылар үшін
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив