КОД САҒАТЫ-2022
Шымкент қаласы, №69 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Гульназ Ботабаева Жамбырбаевна 7«В» сынып оқушыларымен 7-8.02.2022ж күндері КОД САҒАТЫН өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – бағдарламалау негіздері туралы айту, балаларды жасанды интеллектке қызықтыру және болашақта IT және STEM салаларында табысқа жетуге шабыттандыру екенін түсіндіре отырып, сабақ өтті. Оқушылар презентация тапсырмаларын таласа орындап, пікір алмасты.Смартфонмен QR-ға өтіп, сурет салды. Компьютерде жасанды интелектке суретті тану, сөз тануды қызыға үйретіп, өздеріне жаңа білім алды. Оқушылар қызығушылықпен белсене қатысып, қосымша 2-3 тапсырмаларды орындап, басқа да сертификаттарын алды. Жалпы саны 25 оқушы қатысып, арнайы марапаттау сәтінде сертификаттарымен марапатталып, «Қазақстан балалары» хорын орындаумен аяқтады.
Сабақ барысынан видео сілтемесі: https://youtu.be/P1HO2LmCwUE




