Информатика пәнінен 1-тоқсан есебі » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№69 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272493
Есепші бөлімі:
+7(727) 272493
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2023

Информатика пәнінен 1-тоқсан есебі


Шымкент қаласы N69ЖОББМ 1-тоқсан есебі бойынша оқушылар информатика пәнінде белсенді болып,  олимпиадаларға қатысып, өз білімдерін тексеріп көрді.Bilіmnur.kz  сайтының республикалық пәндік олимпиадасына 8«В» сынып оқушылары Мадияр Саят, Дүйсенбек Заңғар және Қасымбек Қайсар 1 дәрежелі дипломмен марапатталса, «Бәйтерек» олимпиадасы бойынша 8-сыныптардан 12 оқушы қатысып, өз білімдерін байқап көрді. Атап айтқанда, Алтынбеков Ерік Серікұлы, Дүйсенбек Заңғар Қайратұлы, Қарынтай Мейіржан Асылтайұлы, Ахмет Нұрхан Сейдаханұлы, Абдуали Мұнтаз Сакенұлы, Обиджанова Чарос Шухратовна, Нұрмаханбет Мөлдір Русланқызы, Мадияр Саят Жамбылұлы, Қасымбек Қайсар Батырбекұлы, Мырзабек Ернұр Шоханұлы, Тынысбек Медет Серікұлы, Тәжібай Айназ Нұрболқызы қатысып, 2-ші және 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Тоқсан соңында Г.Ботабаева тоқсан бойынша информатикадан білімін тексеріп, пән үздіктерін анықтау мақсатында  «Информатика пәні үздігі» байқауын  ұйымдастырды. Байқау онлайн түрде өткізілді, 2-кезеңнен тұрды. Байқауға 8сыныптар бойынша  он сынып қатысты, сынып ішінен 1-ші орын алғандар 2-кезеңге өтті. 2 кезең қорытындысы  бойынша төмендегідей нәтижені көрсетті:
1- орын Мадияр Саят 8 «В» сыныбы
2-орын Сайлаубай Жансая 8 «А» сыныбы, Қарынтай Мейіржан 8 «З» сыныбы
3-орын Орынбек Бексұлтан 8 «Ж» сыныбы, Артықбаева Раина 8 «Б» сыныбы. 
Оқушылардың зейіндері ашылып, цифрлық білімдерінің артуына тілек білдіре отырып, алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жетулеріне сенім білдіреміз!





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив