"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ-БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" ата-аналар жиналысы » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№69 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272493
Есепші бөлімі:
+7(727) 272493
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ-БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" ата-аналар жиналысы
30
сентябрь
2023

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ-БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" ата-аналар жиналысы

Шымкент қаласы  N69  жалпы орта білім беретін мектебінің  8"В" сынып жетекшісі Ботабаева Гүлназ Жаңбырбайқызы 28.09.2023ж күні  "Бақытты отбасы, бақытты балалық шақ" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. 

Мақсаты:
💠Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі мен рөлінің маңызды  екенін түсіндіру;
💠Баланы тану, бақытты балалық шағын жасау ;
💠Ата-ана мен сынып жетекші тығыз байланыста болып, оқушылардың үлгерімін, тәрбиесін қолға алып, қоғамдық істер мен іс-шараларға қатысуына, үнемі іздену мен өздерін жетілдіруге қолдау жасау. 

Жиналыста ата-аналар өзара танысып, ой бөлісті, пікірлерін білдірді. Жоспар бойынша ата-ана міндеттері, кибербуллинг туралы сөз қозғалып, ата-аналарға арналған кеңестер көрсетілді. Балалардың осы уақытқа дейінгі қатысқан байқау, іс-шараларының үш жылдық есебі журналы мен портфолиосы, жазған сауалнама, эсселер жиынтығы, барлығы көрсетілді. Осынша жетістікке жету жолында жасалған жұмыстар мен ұстанымдары таныстырылды, академиялық адалдықтың біліммен қатар тәрбие жағынан да талап етілетіні айтылды.  Қораптағы тәттілерге жазылған сұрақтарға ата-аналар жауап беріп, балаларының жақсы қасиеттері мен дамытқысы келетін қасиеттері туралы ой бөлісті.«Анама хат» айдары бойынша балалардың ата-анаға білдірген шынайы алғыстарын оқып, қуанышқа бөленді. Ата-аналар шынайы ризашылықтарын білдіріп жатты. Ата-ананың баласына айтуы тиіс 45 сөйлем жазылған қағаздар беріліп, балалары туралы көптеген ақпараттар алған ата-аналар  қуана тарады. Балаларымыздың болашағы жарқын болып, сапалы білім мен саналы тәрбиені бойына сіңірген тұлға болуына тілектеспіз!


!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив