«ІТ-STAR-2022» » №69 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
Управления образованияның
"№69 жалпы орта білім беретін мектеп"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(727) 272493
Бухгалтерия
+7(727) 272493
Версия для
слабовидящих
05
декабрь
2022

«ІТ-STAR-2022»

Шымкент қаласы, №69 жалпы орта білім беретін мектебі 2022-2023 оқу жылы барысында «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай    «ІТ-сауаттылық» үйірмесі қатысушылары арасында жетекшісі Г.Ботабаева ұйымдастырған «ІТ-STAR»  байқауының барлық кезеңдерінде оқушылар өздерінің ерекше қабілетін көрсетіп, «ІТ-STAR-2022» номинациясын жеңіп  алуға сайысқа түсті.


Байқаудың мақсаты: 

 Сауатты, білімді,компьютерлік сауаттылығы жоғары, компьютермен жұмыс жасауға икемді, бейім оқушыларды анықтау; 


Байқау міндеттері:

Байқау барысында осы дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалар беру, оқушылардың деңгейін практикада көру. 



Байқау төмендегі бөлімдер бойынша өтті:

1-бөлім. Интерактивті тақтамен жұмыс

1. «ІТ жұлдызы»  Білімділер сайысы

2. «Тәуелсіздік –тұғырым!»  Видеороликтер байқауы


2-бөлім. Практика. Компьютермен жұмыс

1.  Мәтін теру (жылдамдығы, сауаттылығы, құжатты өңдеуі ескеріледі) (10  мин)

2. Презентация жасау(дизайны, сауаттылығы, ойын жеткізуі, 

тақырыпты ашуы, бағдарлама мүмкіндіктерін қолдануы ескеріледі) 

 «Тәуелсіз Қазақстан!»(10 мин)

3. «Жас программист».  Phyton  бағдарламасында кодты қатесіз теріп, шыққан фигураларды түсіндіру, өзгеріс жасай білу(15 мин)


Байқауға қатысқан 14 оқушыға информатика пәні мұғалімдері төрелік етіп, жұмыстарын  әділ бағалады.

 «IT-STAR» байқауы нәтижесінде  «IT-STAR-2022» номинациясын басым ұпаймен Қасымбек Қайсар жеңіп алса, 1-орынды Дүйсенбек Заңғар, 2-орынды Абсадық Сымбат, 3-орынды Бахит Аймен және Бегжан Бауыржан иеленді. Ерекше қабілетін көрсеткен оқушылар арнайы  аталымдармен, «Жас  программист» номинациясымен Мадияр Саят және Нұрмағанбет Жанарыс, «ІТ-сауаттылық шебері»   номинациясымен Курбанова Калбинур және Даулетов Мурат, белсене қатысқандары үшін Нұрмағанбет Бекарыс, Томашова Ғазиза,Ордабек Жұлдыз, Балтабай Жансауле және Сапархан Алмат марапатталды.

https://youtu.be/vc0YBnUxSM0

Барлық қатысушыларға талаптарына нұр жаусын, тек биіктерден көріне берсін демекпіз!


IT-STAR-2022

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив